Атырау облысында әйелін ұрып-соқты деп айыпталған бұрынғы аудан әкімі сотталды

264

Ол екі жылға бас бостандығынан айырылды. 

Атырау облысында әйелін ұрып-соқты деп айыпталған бұрынғы аудан әкімі сотталды Фото: dalanews

Сот үкімімен Атырау облысы Мақат ауданының бұрынғы әкімі Ринат Ибрагимов денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот бұрынғы әйелін соққыға жықты деп айыпталған бұрынғы аудан әкімі Ринат Ибрагимовқа қатысты үкім шығарды. Сот оны кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды.

Оған сағат 22.00-ден таңғы сағат 6-ға дейін тұрғылықты мекен жайы мен жұмыс орнын өз бетінше өзгертуге, облыстан және үйден шығуға тыйым салынды. Сонымен қатар алкогольді ішімдіктер тұтынылатын орындарға және ойын мекемелеріне баруға тыйым салынды.

Моральдық шығын ретінде жәбірленушінің пайдасына екі миллион теңге өндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу