Атырау облысында әкімдер жалақыларын жария етті

808

Қала әкімі аудан әкімдерінен екі есе аз алатын болып шықты.

Атырау облысында әкімдер жалақыларын жария етті

Атырау қаласының әкімі 380 мың теңге жалақы алады. Ал аудан әкімдерінің жалақысы – 755 485 теңге. 

Облыстағы жеті ауданның әкімдері "Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес" республикалық акциясы аясында бір айлық еңбекақыларын жария етті. Ол барлығына бірдей сомада, 755 485 теңге көлемінде төленетін болып шықты. Ал қала әкімі Қайрат Оразбаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті "Antikor.Live" жобасы шеңберінде өткізген "Әкімдіктердің ашықтығы, есептілігі және қолжетімділігі" тақырыбындағы тікелей эфир кезінде өзінің қолға алатын жалақысы 380 мың теңге екенін жариялады. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу