Атырау облысында алғашқы ақпараттық өңдеу орталығы іске қосылды

752

Орталық кен алаңдарынан ауаға тарайтын зиянды қалдықтар мен төгілген мұнайдан бастап, Каспий теңізіндегі кемелер қозғалысына дейін бақылайды.

Атырау облысында алғашқы ақпараттық өңдеу орталығы іске қосылды

Атырау облысында еліміз бойынша алғашқы ақпараттық өңдеу орталығы іске қосылды, деп хабарлайды 24.kz.

Заманауи озық технологияға негізделген орталық кен алаңдарынан ауаға тарайтын зиянды қалдықтар мен төгілген мұнайдан бастап, Каспий теңізіндегі кемелер қозғалысына дейін бақылайды. Жаңа орталық мұнайлы өңірдегі экология, төтенше жағдайлар қызметіне де ақпараттық қызмет көрсете алады.

Күндіз-түні үзіліссіз жұмыс істейтін 80 шкафта 3 мыңнан астам сервер орналасқан. Сыйымдылығы 1000 тирабайттан асады.

Орталық Солтүстік Каспий жобасына енетін "Қашаған" кен алаңындағы геологиялық және өндірістік процестерді бақылауға арналған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу