Атырау облысында алғашқы жел электр станциясы салынуда

2457

Атырау облысында алғашқы жел электр станциясы салынуда

Исатай ауданында қуаты 52 мегаватт болатын өңірдегі алғашқы жел электр станциясының құрылысы жүруде. Нысанды 2020 жылы пайдалануға беру жоспарлануда, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Құрылыс жұмыстарына Каспий теңізі жағалауындағы Манаш ауыл маңы таңдалған. Таңдау кездейсоқ емес. Зерттеулерге сәйкес, бұл жерде желдің жылдамдығы секундына 10-12 м / с-қа жетеді. Электр станциясының тұрақты жұмыс істеуі үшін 4 м/с жеткілікті.
Барлығы 36 жел қондырғыларын орнату жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жетеуі орнатылған. Олардың әрқайсысының салмағы шамамен 230 тонна, биіктігі 100 метрден асады.
"Электр станциясының құрылысы жаңартылған электр қуаты көздерінің құрылысын дамытуға арналған бағдарлама негізінде жүргізілуде. Жоба жел парктерін салуды, сондай-ақ, "Атыраужарық" АҚ-ның желілеріне қосылатын екі қосалқы станцияның құрылысын салуды көздейді. Жоба "ВетроЭнерготехнологии" ЖШС бастамасымен жүзеге асырылуда. Жобаның құны 12,3 млрд. теңгені құрайды. Құрылыстың аяқталу мерзімі — 2020 жыл. Бұл станция Атырау облысында өндірілетін барлық электр қуатының 13-14% пайызын өндіретін болады", — дейді энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жұмабай Қарағаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу