Атырау облысында алимент төлемеген 138 адам әкімшілік жауапқа тартылды

205

1 400-ден астам балаға 200 миллион теңге өндірілді.

Атырау облысында алимент төлемеген 138 адам әкімшілік жауапқа тартылды Фото: minsknews.by

Атырау облысында алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты бақылау күшейтілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жыл басынан бері 138 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылып, тағы 16 дерек бойынша қылмыстық қудалау басталды.

Прокуратура мәліметінше, жауапқа тартылғандардың арасында жолаушы тасымалымен айналысқан, букмекерлік кеңселерде бәс тіккен және мүлкі бола тұра алимент төлеуден жалтарған азаматтар бар.

Сонымен қатар сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті сот орындаушылары да жауапқа тартылды. Қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 90 сот орындаушы тәртіптік жаза алды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 200 миллион теңгеден астам алимент берешегі өндіріліп, қаражатты 1 400-ден астам бала алды.

Прокуратура алимент төлеу міндеті ата-ананың тұрғылықты жеріне қарамастан сақталатынын еске салды. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және берешекті өндіріп алу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу