Атырау облысында алимент төлеуден жалтарғандар сотталды

957

Сот қаулысымен екі борышкер қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атырау облысында алимент төлеуден жалтарғандар сотталды Фото: redpost.com

Қызылқоға аудандық сотының ақпаратына сүйенсек, борышкерлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігінің талабын бұзған. 

"Борышкерлер кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағу үшін айлық табысының және өзге де кірісінің тиісті мөлшерінен алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындамағаны анықталды. Сот отырысында құқық бұзушылар өз кінәсін мойындап, жұмысқа орналасуға және балаларын асырап-бағу үшін алимент төлеуге уәде берді. Сот қаулыларымен құқық бұзушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Құқық бұзған борышкердің әрқайсысына 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды", – деп хабарлады аудандық соттан. 

Сот қаулылары заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу