"Безымянный және Алмағамбет көлдеріндегі су деңгейінің көтерілуі мен төмендеуіне салдарынан балықтар қырылды. Безымянныйдан 65 келі өлі балық, Алмағамбет көлінен 507 келі өлі балық жиналды. Тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр", – деді Аян Бахиянов.
Бүгінде балықтарды жинауға Орал-Каспий бассейні инспекциясының 40 қызметкері және Алға ауылынан 8 жұмысшы жұмылдырылған.
Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы өңірдегі 200 су қоймасының 70-ке жуығы қауіпті болып саналатынын, олар қатаң бақылауда екенін атап өтті.