Атырау облысында "Алтын алқалы" ананы өлтірген адам сотталды

1042

Атырау облысында несие үшін жеті баланың анасын өлтірген ер адам он жылға сотталды, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Атырау облысында "Алтын алқалы" ананы өлтірген адам сотталды

Қайғылы оқиға былтыр Жылыой ауданында болған. 2021 жылдың наурыз айында баспаханада еден жуушы болып жасайтын, 35 жастағы жеті баланың анасы Құлсары ауылының тұрғынын өзінің атынан рәсімдеп, несие алуға көндіреді. Кейін несиені уақытылы төлеуге мүмкіндігі болмаған. Оған ашуланған 25 жасар жігіт әйелді жұмысының алдында күтіп тұрып, бірнеше жерінен пышақтап өлтіріп кетеді. Әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмған. 

"Сот үкімін шығару кезінде жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының өкінуі, өз еркімен келуі, отбасылық жағдайы танылды. Сот сотталушы З.-ны ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 10 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады", - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Марқұмның артында қалған жеті баланың үлкені колледже оқиды, ең кішісі бес жаста.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу