Атырау облысында алып тұлғалы адам тұрады

1596

Парасат Нұрғалиевтің бойы – 2 метр 15 см, салмағы – 150 келі.

Атырау облысында алып тұлғалы адам тұрады

Ерекше дене бітіміне орай киім тауып кию Парасатқа қиынға соғады екен. Бұл туралы inbusiness.kz жазады Ақ Жайыққа сілтеме жасап.

Парасат Нұрғалиев – Атырау облысы, Индер ауданына қарасты Құрылыс ауылының тұрғыны. Оның ерекшелігіне елдімекен жұртының көзі үйренген.

Өзінің айтуынша, оған киімдерінің көбін тігінші туысы киім тігіп береді. Ал аяқ киімді табу қиын. Себебі аяғының өлшемі – 56. Күн суытып қар жауғанда далаға аттап шыға алмаған кездері де болыпты. Осыны ескерген ауылдастары аяғының өлшеміне сай аяқ киімге тапсырыс берген. Алматы қаласынан Валерий есімді тігінші аяқ киім тігуге келіскен екен. 

 

Кішкентайында қатарластарынан ерекшеленбеген Парасаттың 6 сыныптан бастап сүйектері өсіп, бойы ұзарған. Отбасында бес баланың кенжесі. Алып денелі жігіттің жасы 27-де. Мамандығы – темір балқытушы. Дегенмен қазір құрылыс саласында еңбек етіп жүр.

 

"Менің әжем Әуез аса етжеңді болмағанымен, сүйекті, ірі болған. Әкем де осал болған жоқ, жауырынды, денелі еді, қолының өзі дәу болатын. Мені көргендер әкеңе тартқансың дейді. Ал ағаларым мендей емес, бойлары орташа", – дейді Парасат Нұрғалиев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу