/img/Group 538png
/img/tv1.svg
RU KZ
DOW J 24 580,91 Hang Seng 24 266,06
FTSE 100 6 045,69 РТС 1 215,69
KASE 2 384,89 Brent 36,55
Атырау облысында аптап ыстық болады

Атырау облысында аптап ыстық болады

Синоптиктердің айтуынша, ауа райы болжамының орындалу ықтималдлығы – 80-85%.  

28 Мамыр 2020 20:59 207

Атырау облысында аптап ыстық болады

Атырау облысында 29 мамырда ауа температурасы +38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Атырау облысында 29 мамыр күні күндіз 35-38 градусқа дейін, Атырау қаласында 35-37 градусқа дейін күн ысиды», делінген хабарламада.

 

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

11 маусымда солтүстік және орталық өңірлер жоғары атмосфералық қысым ықпалында болады.  

10 Маусым 2020 14:52 139

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Оған ашық, құрғақ және ыстық ауа райы тән. Бұл аймақтарда осындай ауа райы қалыптасады.

Күндізгі температура 26...34 градусқа дейін көтеріледі.

Бірақ 12-13 маусым аралығында ауа райы күрт өзгереді. Солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар өзімен бірге найзағай, екпінді жел және жаңбыр әкеледі.

Бұл ретте температура 20...29 градусқа дейін төмендейді.

Еліміздің жеті аймағында қатты аптап ыстық болады

Оңтүстік пен батыста қырық градус ыстық болады деп күтілуде.  

03 Маусым 2020 10:32 94

Еліміздің жеті аймағында қатты аптап ыстық болады

3-5 маусымда Қазақстанның жеті аймағында қатты аптап ыстық болады деп хабарлайды ТЖ комитетінің баспасөз қызметі «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сілтеме жасап.         

3-4 маусымда Атырау облысында ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі, күн күркіреп, шаңды дауыл соғып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда облысында ауа температурасы 47 градусқа дейін көтеріледі, желдің күші 15-20 м / с жетеді.


3-5 маусымда Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе және Алматы облыстарында 35-38, 40-42 градусқа дейін қатты ыстық деп болжанып отыр.         

Құтқарушылар күннің ысып, ауа температурасының күрт өзгеруіне қарамастан, су қоймаларындағы су әлі жылымағанын және жүзуге қолайсыз екенін ескертеді.