Атырау облысында аттракцион істен шығып, бес бала зардап шекті

154

Зардап шеккен бас бала облыстық балалар ауруханаға жеткізілді.

Атырау облысында аттракцион істен шығып, бес бала зардап шекті Фото: видеодан алынған кадр

2 шілде күні Атыраудағы “Керемет” саябағында аттракцион кенет істен шығып, оқыс жағдай болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты “Ақ Жайық” порталына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан саябақтағы аттракционның бірі істемей қалғанын көруге болады. Оның кенет істен шығуының салдарынан зардап шеккен бас бала облыстық балалар ауруханаға жеткізілді.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төрт бала амбулаториялық ем алған соң үйіне жіберілді. Ал бір бала ауруханада әлі ем қабылдап жатыр. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 306 бабы, 2 бөліміне (Кәмелетке толмағандарға арналған тауарлар немесе қызметтерге қатысты қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу