Атырау облысында атыс болып, кісі өлімі орын алды

1141

Жергілікті жігіт жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.

Атырау облысында атыс болып, кісі өлімі орын алды

Атырау облысында атыс салдарынан 35 жастағы жігіт қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 15 мамырда Мақат кентінде болған. Атыс қаруынан 1985 жылы туған жергілікті жігіт жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған. Полиция қызметкерлері 2 күдіктіні анықтаған. Оның біреуі ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлімімен (Адам өлтіру) жүргізіліп жатыр.

"Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік Кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу