Атырау облысында Жылыой аудандық білім бөлімінің басшысы ұсталды. Бұл хабар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
"Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотымен "үй қамағына алу" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу