Атырау облысында ауру жұқтырған мал саны 600-ден асты

1143

Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы аша тұяқты малдан шыққан инфекция дендеп, ауруға шалдыққан түлік саны 600-ден асты, деп хабарлайды Atameken Business.    

Атырау облысында ауру жұқтырған мал саны 600-ден асты

Осыған дейін Сағыз ауылында сиыр мен қой-ешкіден жұқпалы ринотрахеиттік вирусты диарея анықталғанын айтқан едік.

Енді бұл індет Миялы, Мұқыр, Жангелдин ауылына да тарап кеткен.

Мүйізді ірі қара мен ұсақ малдардың аузынан ақ көбік ағып, аз уақытта азып кеткен.

Тіпті, түлік жем-шөп жеуден қалыпты. Қазір бұл ауылдар карантинге жабылды. Әзірге, ауданнан мал шығаруға, сойып-сатуға шектеу қойылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу