Атырау облысында автобус өртеніп кетті

372

Жалынды сөндіруге 7 адам мен 2 техника тартылған.

Атырау облысында автобус өртеніп кетті Фото: видеодан алынған кадр

Атырау облысында жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлік толығымен өртеніп кетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға кеше, 11 наурызда болған.

"Мақат ауданының орталығы – Мақат кентінде кешкі сағат 20:00-де автобус өртенді. Жалын сағат 20:39-да оқшауланып, сағат 20:52-де толық сөндірілді", - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Қоғамдық көліктің Атырау қаласы мен Мақат кенті аралығында жолаушы тасымалдайтыны анықталып отыр. Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Жалынды сөндіруге 7 адам мен 2 техника тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу