Атырау облысында бала суға батып кетті

1320

Сүңгуірлер баланы бүгін тапты. 

Атырау облысында бала суға батып кетті

Атырау облысы Құлсары қаласындағы Құрсай каналында 9 жасар бала суға кетті. Бүгін құтқарушылар баланың денесін тапты, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Қаланың ортасымен өтетін каналда 2012 жылы туған баланың жабдықталмаған жерде суға батып кеткені жөніндегі хабар №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне 26 сәуір күні 19 сағат 00 минутта келіп түскен. Құлсары қаласының Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері жедел іздестіру жұмыстарына кіріскенмен, қараңғы түсіп кетуіне байланысты 20 сағат 20 минутта жұмысын тоқтатқан. 

Айта кетейік, суға кеткен баланы арнайы қызметтермен қатар, жергілікті тұрғындар да іздестірген болатын. Сол себепті, сүңгуірлердің аяқ асты жұмысын тоқтатқаны түсініксдік тудырған.

"Біз тек нұсқаулық бойынша суасты жұмыстарын тоқтаттық. Бірақ, баланың туыстарымен бірге іздестіру шаралары тоқтаған жоқ, мәселен, қайықтар түнгі мезгілге қарап жатқан жоқ", - деп мәлімдеген ТЖ департаменті бастығының орынбасары Асхат Ержанов.

Бүгін 06 сағат 35 минутта іздестіру жұмыстары қайта басталып, суға батқан баланың денесі табылып, одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін ішкі істер органдарына тапсырылды.

Құралай Қуатова

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу