Атырау облысында балық қырылды

689

Атырау облысында тағы да балық қырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау облысында балық қырылды

Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 24 шілдеде Құрманғазы ауданында Дархан өзегінің Нұржау ауылдық округіне қарасты бөлігінде балықтың қырылу қаупі бар аймақ анықталған.

"Осыған орай мүдделі мекемелер мен Нұржау, Жаңаталап ауылдық округтердің әкімдіктеріне хабарланып, аймаққа "Тілекші" ЖШС-нің шабақ құтқару тобының жұмысшылары шақырылды. Сондай-ақ, "Каспий таңы" ӨК, "Каспий балық" ӨК, "Тілекші" ЖШС, "ЛТД Ш. Сулейменов" ЖШС, "Е.Сарсенбаев" ШҚ, "Амангелді атындағы" ЖШС жұмысшылары мен Нұржау, Жаңаталап ауылдық округі әкімдіктері аппаратының техникалары жұмылдырылып, өзек бойы шөп пен балдырлардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде шамамен 100 текше метр шөп шабылды" - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Аталған аймақтан өлген 120 келі алабұға мен 55 келі шортан балығының өлексесі санитарлық нормаларға сай жойылған. Оқиға орнынан балықтар мен су құрамасының сынамалары алынған. Қауіпті аймақтан ұсақ балықтардың 3 млн балық шабағы құтқарылып, Шарон өзеніне жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу