Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, Бақсай су арнасында шабақтарды құтқару шаралары жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"21 қаңтарға дейін 2 млн-нан аса шабақ құтқарылды. Жалпы бірнеше күн ішінде 8,5 млн шабақ құтқарылды", – деп жазылған хабарламада.
Жұмысқа 45 қызметкер мен 8 техника жұмылдырылған. Құтқарылған, салмағы 5-6 грамм болатын балықтар тірі күйінде Жайық өзеніне жіберіліп жатыр.
"Шаралар жалғасып жатыр. Жағдай Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бақылауында", – деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу