16 желтоқсан күні Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Қаракөл ауылының із-түссіз жоғалып кеткен 24 жастағы тұрғынының мәйіті табылды, деп жазады inbusiness.kz сайты "Ақ Жайық" порталына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, тұрғынды іздеуге алғашында ТЖД мен полицияның күші жұмылдырылса, кейіннен "ҚазАвиаСпас" АҚ тікұшағы қосылған.
"Бірақ нәтиже бермей, біраз уақыттан кейін іздеу жұмыстарының белсенді кезеңі тоқтатылды. Ал мәйітті далада – Қаракөлден 22 шақырым жердегі "Өмірәлі" деген жердегі бейіттердің арасынан қойларын іздеп жүрген шопан тауып алған", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу