Атырау облысында бір айға жетпей 8 адам суға батып кеткен

382

Құтқарушылар 4 адамды құтқарып қалды.

Атырау облысында бір айға жетпей 8 адам суға батып кеткен Фото: Ашық дереккөзден

Атырау облысында жыл басынан бері су айдындарында 10 адам батып кеткен. Оның ішінде 3 бала бар, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"Атырау облысында жыл басынан бері 10 адам, оның ішінде 3 бала суға батып кетті. Оның ішінде 8 адам шомылу маусымы басталған 15 маусымнан бері жантәсілім етті. Құтқарушылар 4 адамды құтқарып қалды. Бір жасөспірімді іздестіру жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Статистикалық талдауға сәйкес, суға батудың бірнеше себебі анықталып отыр.

Мәселен, ересек тұрғындар мас күйінде суға шомылу, өз күшін асыра бағалау салдарынан оқыс оқиғаға ұрынады.

Ал, кәмелетке толмағандар ата-анасының, туыстарының және жақындарының бақылауынсыз суға түседі.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу