Атырау облысында бір отбасының 6 адамына іздеу жарияланды

461

Жангелдин ауылындағы жоғалған бүтін отбасы туралы әзірге ешқандай хабар жоқ.  

Атырау облысында бір отбасының 6 адамына іздеу жарияланды Фото: Атырау облыстық полиция департаменті

Із-түзсіз жоғалған 4 адамнан бөлек тағы 2 адамға іздеу жарияланған. Ол осы үйдің отағасының қызы мен күйеу баласы болып шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

Полицейлер олардың 5 баласын тастап, Өзбекстанға шекара асқанын анықтаған. Ал қалған 4 адам сол күйі хабар-ошарсыз.

Қазіргі таңда адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Атырау қалалық құқық қорғау органдары әлеуметтік желідегі жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады.

Айта кетейік, Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылының 4 тұрғыны қазан айынан бері хабар-ошарсыз кеткен. Алдын ала мәліметке сәйкес, алдымен отбасының үлкен ұлы жоғалып, кейін қалған отбасы мүшелері де із-түзсіз кеткен.

Туыстарының айтуынша, үйдің үлкен ұлы Наурыз шамамен 5-6 ай бұрын Ақтауға жұмыс іздеп кеткен. Алайда сол уақыттан бері одан ешқандай хабар болмаған.

Ал қазан айында ауылдастарының сөзінше, отбасы басшысы Максот Қарабалин дәрігерге қаралатынын айтып, жұбайы мен қызын бірге алып кеткен. Қызы Мирамгүл III топтағы топтағы мүгедек. Осы күннен кейін отбасының бірде-бір мүшесі ауылға оралмаған.

Туыстары олардың медициналық көмек алу үшін жолға шыққанын айтқанымен, қай елді мекенге барғаны және нақты қандай медициналық мекемеге жүгінгені туралы ақпарат жоқ.

Күмән тудыратын жайттардың бірі – үйдегі барлық малдың WhatsApp мессенджері арқылы, ұлдарының атынан сатылып кеткені. Ақша Kaspi шотына аударылғаны айтылғанымен, осы операциялардан кейін де отбасы мүшелерімен байланыс орнату мүмкін болмаған. Қазіргі таңда полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Полиция аталған азаматтардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие болған барлық азаматтардан құқық қорғау органдарының  98-20-78, 98-20-88, +7 701 304 00 12 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу