Теңіз кенішінде 31 жұмысшыдан, сондай-ақ Жылыой ауданында - 6, Қызылқоға ауданында – 4, Махамбет ауданында 1 адамнан Сovid-19 инфекциясы анықталған.
"Науқастардың 18-інде инфекция симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 34 адам емделіп шықты. Ал, 277 адам үй жағдайында ем алып жатыр. Облыстық инфекциялық стационарда - 63, аудандардағы стационарда - 14, Теңіз кенішіндегі стационарда 255 адам ем қабылдауда" деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу