Атырау облысының әкімі биыл егін аумағының азаю себебін түсіндірді

156

Биыл Атырау облысында 5,3 мың гектар жерге ғана егін егілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау облысының әкімі биыл егін аумағының азаю себебін түсіндірді Фото: Pixabay.com

Оның себебін өңір әкімі Серік Шәпкенов түсіндірді.

"Биыл егін науқанында 95,6 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Келер жылы бұл көрсеткішті 127,4 млрд теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Өңір шаруалары 10,3 мың гектар аумаққа егін егуді жоспарлаған еді, өкінішке қарай, су басу салдарынан тек 5,3 мың гектар жерге егін егілді. Ал мал шаруашылығы саласы бойынша қуантарлық жаңалық бар, биыл ірі қара басы көбейіп, 223,8 мыңнан асты, ал үй құстарының саны екі есе өсті", – деді Серік Шәпкенов облыстың биылғы әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы есеп бере тұрып.

Әкімнің айтуынша, қазір өңірде ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында 3 инвестициялық жоба іске асып жатыр. Оның нәтижесінде 90 жұмыс орны құрылды. 

"Келер жылы құны 26,2 млрд теңге болатын 4 жобаны іске асыру жоспарда бар. Осылайша, 187 жұмыс орны құрылады. "Ауыл аманаты" жобасы да жүйелі іске асуда, бұл үшін бюджеттен 761 миилион теңге қаралып, 83 жоба қолдау тапты. 50 жоба мал шаруашылығына қатысты болса, 30-ы шағын және орта бизнесті дамытуға арналған", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу