2 наурызда сағат 08.41-де Қызылқұйған ауданындағы Қарабатан электрстансасының газқұбыры құрылыс алаңындағы контейнер тұрпатты жатақханасында өрт шықты, деп хабарлайды Вnews.kz ҚР ІІМ ТЖК ресми өкіліне сілтеме жасап.
Өрт кезінде жатақханада 20 шақты адам болған, оның алтауын күйік шалып Атыраудағы облыстық ауруханаға жөнелтілген. Өрт орнынан алты адамның денесі табылды. 500 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген өрт тек сағат 11-ге қарай толық өшірілді.
Өрттің себептері анықталуда. Өртпен күреске Атырау облысы өрт сөндіру қызметінің 11 қызметкері мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу