Денсаулық сақтау басқармасы қауіпті инфекция жұқтырған жаңа жағдайларға қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Вирус жұқтырғандар арасында 37 жастағы әйел, 18 жастағы жас жігіт және 82 жастағы қария бар.
"Зейнеткерден пневмония табылды. Оның жағдайы ауыр", – деп нақтылады облыстықтық денсаулық сақтау басқармасында.
Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарға жатқызылған.
Осылайша Атырау облысында Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны 32 адамға жетті.
Қазіргі уақытта 28 пациенттің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды,оларда аурудың жеңіл түрі байқалады. Екі адамның жағдайы орташа ауыр, тағы екі пациенттің жағдайы ауыр.
Тиісті органдар науқастармен байланыста болған адамдарды анықтап, оларды шұғыл оқшаулайды.