Атырау облысында екі адам көмірқышқыл газынан қайтыс болды

467

Атырау облысы Мақат ауданы Доссор ауылында екі адам көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды.  

Атырау облысында екі адам көмірқышқыл газынан қайтыс болды Фото: tolqyn.kz

Қала маңындағы Томарлы ауылынан тағы үш адам уланып ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Мақат ауданы Доссор ауылында болған. Онда екі қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен 1977 және 1976 жылы туған ер адамдардың мәйіттері табылды. Екеуі де көмірқышқыл газынан уланған.

Тергеу барысында қайғылы оқиғаға көгілдір отынмен жұмыс істейтін жылыту пешін пайдалану ережесінің бұзылуы себеп болғаны белгілі болды.

Атырау қаласының іргесіндегі Томарлы ауылында түнде үш адам көмірқышқыл газына уланып қалған. Ауруханаға 46 жастағы ер адам мен әйел, сондай-ақ 13 жастағы жасөспірім жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу