Атырау облысында пәтерден өрт шығып, екі бала көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
25 сәуірде сағат 5:37-де Индер ауданы Индербор кенті Махамбет көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.
Өртсөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтер толық жанып кеткенін анықтады.
"Өрт кезінде үйдің жатын бөлмесінен 2014 жылы және 2017 жылы туған екі баланың денелері табылды. Сондай-ақ, балалардың анасы - 1995 жылғы әйел мен 1994 жылы туған ер адам ес-түссіз күйде табылып, аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді", - деп жазылған Атырау ТЖД хабарламасында.
Өрт сағат 06:02-де оқшауланып, сағат 06:10-да толықтай ауыздықталды.
Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында Атырау қаласынан өрт-зерттеу зертханасы жұмыс істеп жатыр.