Мақат ауданында екі көлік соқтығысып, оның біреуі аударылып қалды. Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. "Жол-көлік оқиғасы бүгін 5 ақпан күні сағат 12:00 шамасында "Астрахань-Атырау-Ақтөбе" халықаралық тас жолының бойында болған. Аталған жолдың Мақат кентіне бұрылар тұсында "Toyota Camry" мен "ГАЗель" автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан "ГАЗель" көлігі аударылып қалды. Бес жолаушы әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі
Полиция қызметкерлері көлік апатына байланысты тергеу жүргізуді бастады.