Атырау облысында екпе салына бастады

919

Оны алдымен әкімдік пен денсаулық саласындағы басшылар қабылдамақ.

Атырау облысында екпе салына бастады

Атырау облысында короновирусқа қарсы екпе алу науқаны басталды. Бұған дейін, облысқа ресейлік "Спутник V" вакцинасының 1000 дозасы келген еді. Бүгін оны облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, облыстық  денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мәдениет Танауов, облыстық онкологиялық диспансердің  директоры  Эльмира Сапарова, облыстық аурухана директоры Ербол Иманғалиевтар алып жатыр.

Атырау  облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, вакцинация қаладағы №3 және Геолог емханаларында салынуда.  
Дегенмен, "COVID-19"-ға қарсы екпе алған алғашқы атыраулық азамат – Вадим Синкевич. Ол 26 қаңтар күні Мәскеу қаласына барып салдырып келген. Қазіргі күні денсаулық жағдайының қалыпты екенін, ешқандай өзгеріс байқамағанын айтады.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу