Атырау облысында ер адам отбасылық жанжалдан соң үстіне бензин құйып, өзін өртеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты atpress.kz порталына сілтеме жасап
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тараған. Кадрларда куәгерлер ер адамға қар лақтырып, отты сөндіруге тырысқан. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келген.
“1961 жылы туған азамат Б. күйіктің 70 пайызын алып, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Жәбірленушінің жағдайы ауыр. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі”, – делінген хабарламада.
Атырау облысы полиция департаментінің айтуынша, өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің себебі отбасылық-тұрмыстық жанжал болған. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 105-бабы ("суицидке дейін жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.