Атырау облысында ерекше екі қарт дүниеден озды

2994

Олар – өңірдегі Ұлы Отан соғысының ең соңғы ардагері Закария Сұлтанов пен Индер ауданында тұратын облыстың ең қарт тұрғыны Жаңыл Есжанова, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

 Атырау облысында ерекше екі қарт дүниеден озды

Атырау облысында соңғы аптада орны бөлек екі қария өмірден өтті. 
Қан майданда ерлікпен соғысып, елге тек 1946 жылы ғана оралған ардагер Закария Сұлтанов 96 жасқа қараған шағында өмірден озды. "Ешқашан өзім демей, өзгені ойлап, елін шынайы сүйген азаматтың арамыздан кеткені үлкен қайғы. Шүкір, артында ұрпақ қалды, немере сүйді, шөбере көрді. Соларға амандық тілеймін", - деп көңіл айтты облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов. 

Ал Жаңыл Есжанова әжей 106 жаста болатын. Ғасырдан астам жасаған ғұмырында ол ұжымдастыруды, мал-мүлікті тәркілеуде, аштық пен соғысты басынан өткерген. 1916 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келіп, кейін "байдың қызы" атанып қуғындалған. Көзі тірісінде берген сұхбаттарында Индер жеріне анасымен бірге ашаршылықта күн көру үшін келгенін, әншоқай мен қияқтың тамырларын жеп қана аман қалғандарын айтқан болатын. 

Құралай Қуатова

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу