Атырау облысында есірткі сақтаған және сатқан Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының тұрғындары ұсталды

387

Олардың қаланың ықшам аудандарында жасырып қойған бірнеше синтетикалық есірткі заттары тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау облысында есірткі сақтаған және сатқан Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының тұрғындары ұсталды Фото: polisia.kz

"Синтетикалық есірткіні сақтаған деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 1981 жылғы тұрғыны анықталды. Сараптама қорытындысымен тәркіленген есірткіның салмағы 64,2 гр Альфа-PVP екені белгілі болды. ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен қатар Атырау қаласының Нұрсая ықшам ауданында "синтетиканы" аса ірі мөлшерде жасырын тығу әдісі арқылы сатумен айналысып жүрген 1987 жылғы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Алынған зат салмағы гр Альфа-PVP және 128,31 гр мефедрон синтетикалық есірткі екені анықталды. ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды", - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу