Атырау облысында эвакуациялау үшін 15 мың орын дайындалды

263

Атырау облысында эвакуациялау үшін 15 орын дайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атырау облысында эвакуациялау үшін 15 мың орын дайындалды Фото: ҚР ТЖМ

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлім етті. 

Әкім орынбасарының айтуынша, осы кезге дейін Жылыой ауданының 12 мың тұрғыны үш бағыт бойынша — Маңғыстау облысына, Атырау қаласына және Теңіз кен орнындағы вахталық кентіне көшірілді. 

"Су тасқынына байланысты тұрғындарды эвакуациялау бүгін де жалғасады. Атырау қаласында эвакуацияланған тұрғындарды қабылдау үшін 5 мың бос орын бар. Теңіз кен орнында эвакуацияланатын тұрғындар үшін бос орындар қоры шамамен 10 мыңды құрайды", - деді Бисембиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу