Атырау облысында фермерді атып өлтірген күдікті қамауға алынды

797

Атырау облысында фермерді атып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау облысында фермерді атып өлтірген күдікті қамауға алынды

Қайғылы оқиға Исатай ауданында орын алған.

"Зинеден ауылының екі тұрғыны арасында өзара келіспеушілік болған. Ашуға бой алдырған 42 жастағы тұрғын аңшылық қарудан ауылдасына оқ атқан. 48 жастағы фермер оқиға орнында көз жұмған", - деп жазылған облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір ауылдасын атып өлтірген тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу