Атырау облысында газ өңдеу зауытының құрылысы басталады – министр

772

Зауыттың құрылысы 2023 жылы аяқталады.

Атырау облысында газ өңдеу зауытының құрылысы басталады – министр

2021 жылы Атырау облысында құны 860 млн доллар болатын газ өңдеу зауытының құрылысы басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, биыл Қашаған кен орнының шикізаты базасында қуаты 1,150 млрд текше метр шикі газын өңдейтін, құны 860 млн доллар болатын газ өңдеу зауытының құрылысы басталады.

"Болашақта ондағы (газ өңдеу деңгейі – автор) жылына 4-5 млрд текше метрге дейін және одан әрі кеңейту жоспарланып отыр", - деді Нұрлан Ноғаев.

Министр зауыт сәтті іске қосылса, қосымша 800 млн текше метр тауар газы өндірілетінін, зауыт құрылыс кезеңінде 2 800 адамға, пайдалану кезеңінде 600 адамға жаңа жұмыс орындары ашылатынын жеткізді.

"Зауытта мұнай-газ химия үшін бағалы шикізат саналатын тауар және сұйытылған газдың қосымша көлемі алынады. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Engineering Procurement Construction мердігері анықталды", - деді ведомство басшысы.

Нұрлан Ноғаев зауыттың құрылысы 2023 жылдың соңында аяқталатынын атап өтті.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу