Атырау облысында гидропоникалық кешен іске қосылды

1126

Атырау облысында гидропоникалық кешен іске қосылды

Атырау облысында тәулігіне 10 тонна құнарлы көкбалауса өсіретін гидропоникалық кешен іске қосылды, деп хабарлайды khabar.kz.
Арпа дәнінен мал азығын дайындайтын кешен испандық технологияның көмегімен күніне 720 бас ірі қараға азық дайындай алады. Экологиялық тұрғыдан таза өнімнің арқасында шаруашылық сүт шығымдылығын 28 пайызға дейін көтерді.

"Шығыны өте аз. Мұның азықтық құнары жоғары. Аздаған жұмыс жасайды. Біздің Атырау облысына өте керек зат. Егілу технологиясы бойынша бір күн суға саламыз. Екінші күні бөрткенін күтеміз де, үшінші күннен бастап егеміз. Алты күнде өсіп шығады. Бір тақтаның салмағы – 14 келі. Сол 14 келінің әр сауын сиырға бір-бірден беріп отырамыз", - дейді шаруашылық жетекшісі Есболат Есқариев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу