Атырау облысында ИИДБ аясында 5,6 мың жаңа жұмыс орны құрылады

840

Атырау облысында ИИДБ аясында 5,6 мың жаңа жұмыс орны құрылады

Аймақта индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы жүзеге асырылуда. 2017 жылы жалпы құны 5 млрд теңге болатын 5 жоба жұмысын бастайды,  сол арқылы 344 жұмыс орыны құрылады. Бүгінге дейін 3 жоба іске қосылды, - деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі.

Атырау облыстық кəсіпкерлік жəне индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айқын Елеусізовтің айтуынша, қазір мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 5 663 жұмыс орыны құрылған 3 трлн теңгенің 54 инвестициялық жобасы жүзеге асу үстінде.

Басқарма басшысы ҚР Президентінің тапсырмасына сəйкес экономиканың өңдеу жəне өндіру секторын дамытуға басты назар аударылып отырғанын айтады. Соның нəтижесінде облыста шикізат бағытынан өңдеу саласына қарай нақты қадам жасалды. Индустриялық-инновациялық дамудың алғашқы бесжылдығында 2010-2014 жылдары 66,9 млрд теңгенің 28 жобасы жүзеге асырылып, 2135 жұмыс орыны ашылды.

2018 жылы  17,4 млрд теңгенің 4 жобасын іске қосып, 254 жұмыс орынын құру жоспарланған. Одан бөлек аймақ үшін ғана емес, еліміз үшін маңызды тағы бір жоба - "ҚазМұнайГаз" ӨК" АҚ Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта құру жəне жаңғырту жүзеге асырылуда. Жоба құны - 626 млрд теңге, 767 жұмыс орыны құрылады. Жобаның механикалық аяқталу мерзімі 2017 жылдың желтоқсан айы.

"Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде 1,74 млрд теңгенің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымымен қамтуға мемлекеттік қолдау көрсетілді, 2 156 млрд теңге несиенің пайыздық төлемін субсидиялауға бөлінді.

А.Елеусізов қалыптасқан мəселелерді шешу бағытында да жұмыстар жүріп жатқанын айтады. 2015-2017 жылдары Құрманғазы ауданындағы "Досжан жəне Компания" ЖШС қамыс-жоңқа плитасын шығару зауытының жұмысы тоқтауға мəжбүр болған.

-Аталған мекеме 2011 жылы іске қосылды. 2013 жылы ламинатталған қамыс-жоңқа плитасы шығарыла бастады. Бастапқы кезеңде зауыт алынған құрал-жабдықтардың техникалық талаптарға сай болмағанына қарамастан жұмыс істеп тұрды,-дейді Айқын Елеусізов. -Өндіріс желіні толық ауыстыру қажеттілігі туындаған кезде тоқтатылды, ұлттық валюта курсының өзгеруі салқынын тигізді, жабдықтар мен плитаға керек желім де қымбаттады. Кəсіпкердің қаржысы болмады. Келіссөздер нəтижесінде Ресейден жеке инвестормен келісім-шарт жасалды. Заң рəсімдеріне де біраз уақыт кетті. Қазір қажетті жабдықтар орнатылып, өндірісті жаңғыртуға жағдай жасалды. Жақында жұмыс басталады. Мекеменің жоспарлы қуатына шығу мезгілі 2018 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу