20 шілдеден бастап Атырау облысының Исатай ауданындағы Тұщықұдық округіне қарасты "Айбас" учаскесінде ірі қаралардың өлімі тіркеле бастады. Бүгінге дейін 120 сиыр өлген, деп хабарлайды azh.kz.
"Көбіне ауру мал өрісте қалып қойғандықтан бізге малды иесі өзі алып келеді. Малда жоғары температура жоқ, оларды көлеңкеге қойылып күтімге алынғанымен құтқару мүмкін болмауда", -дейді Исатай аудандық ветеринария бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ислямғали Мардашев.
Малдың өлу себебі әзірге анықтала қойған жоқ, сынама Астана мен Алматыдағы зертханаға сараптамаға жіберілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу