Атырау облысында КамАЗ-бен соқтығысқан жеңіл көліктің 3 жолаушысы мерт болды

440

Жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

Атырау облысында КамАЗ-бен соқтығысқан жеңіл көліктің 3 жолаушысы мерт болды

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы бүгін, 18 шілдеде, болған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

"Жергілікті уақытпен сағат 15:30 шамасында Атырау-Индер тас жолының 123-шақырымы тұсында Toyota Camry мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысқан. Жол-көлік апатынан Toyota Camry автокөлігінде болған 3 жолаушы оқиға орнында мерт болды. Ал жеңіл көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қайтыс болғандар анасы мен 1 және 15 жастағы қыздары екені анықталды. Олар – Батыс Қазақстан облысының тұрғындары", - деп хабарлады Индер аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Батырбек Қайыржанов.

Сондай-ақ бүгін сағат 14:20 шамасында Атырау қаласындағы Владимирский көшесі Lada – 2115 және Toyota Estima автокөлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасына Lada – 2115 көлігінің рульінде болған 1986 жылғы жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, жолдың қарсы жолағына шыққаны себеп болған. Соққының салдарынан Toyota Estima автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі әртүрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу