Атырау облысында канал суына құлаған екі баланың бірі мерт болды

535

Атырау облысында ойнап жүрген екі бала канал суына құлап, біреуі қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz.  

Атырау облысында канал суына құлаған екі баланың бірі мерт болды Фото: liter.kz

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 14 наурызда Құрманғазы ауданының Бірлік ауылында болған.

"Сол күні түнгі сағат 21:20-да Бірлік ауылында ойнап жүрген балалардың екеуі канал суына құлап кеткен. Соның салдарынан 10 жастағы бала суға батып, көз жұмған. Ал 7 жасар баланы ауыл адамдары құтқарып алған", - делінген хабарламада.

Құтқарылған бала аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын "ауыр" деп бағалап отыр.

Қазір аталған дерекке байланысты тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу