Атырау облысында қарақұрт қаптады

562

Атырау облысында улы жәндіктер аула ішінде, қоғамдық орындарда, тіпті саябақтарда да құжынап жүр. 

Атырау облысында қарақұрт қаптады Фото: pixabay.com

Қарақұрттан әсіресе Индер ауданының тұрғындары қауіптеніп отыр. Өйткені соңғы 3 жылда бұл жәндік өңірде тым көбейіп кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Тұрғындар малдан бұрын бала-шағаны шағып ала ма деп қорқады. Мәселен, былтыр улы жәндік шаққан жүздеген төрт түлік арам қатқан. Тіпті адамдар да зиян шеккен көрінеді. Әйтеуір дер кезінде дәрігерге көрініп, аман қалған.

Индер ауданы әкімдігі қарақұртпен күреске бюджеттен қаражат қарастырылмаған дейді. Өйткені бұл улы өрмекшілер зиянкестер қатарына жатпайды екен.

"Индер аудан әкімдігі тарапынан қарақұртты аса қауіпті зиянкес ретінде реестерге тіркеу шарасының қабылдануына ұсыныс жолданды. Қазір қолданыстағы заңға сәйкес, қарақұртпен күрес үшін бюджет есебінен қаражат бөлу мүмкіндігі қарастырылмаған. Алайда жергілікті атқарушы органның ұйымдастыруымен ошақтарын жою, дезинфекциялау жүргізіліп жатыр", – деді Айболат Сансызбаев, Индер ауданы әкімдігінің аппарат басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу