Атырау облысында қарақұрт шаққан түйелер өліп жатыр

153

Биыл елді мекендерде улы қарақұрт көбейген. 

Атырау облысында қарақұрт шаққан түйелер өліп жатыр Фото: canva.com

Атырау облысында 485 түйені қарақұрт шаққан. Ойсылқара тұқымының 90-ы өлгені анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл елді мекендерде улы қарақұрт көбейген. 

"Атырау облысының аумағында маусым-шілде айларында 485 түйені қарақұрт шақты. Соның салдарынан 90 түйе шығын болды. Симптоматикалық емдеу шараларының нәтижесінде 306 жануар сауықты. Ал 89 түйеге әлі де емдеу жүргізіліп жатыр. Қарақұрт шаққанан өлген малдың иелеріне 65 211,2 мың теңге төленді", - деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасынан.

Басқарманың мәліметінше, улы жәндіктердің шағуының алдын алу, емдеу және өлген жануарларға өтемақы төлеу бюджет қаржысы есебінен қарастырылмаған. Алайда, соған қарамастан жергілікті ветеринарлар улы жәндік шаққан малды емдеу шараларын күнделікті жүргізіп жатыр. 

"Улы насекомдарды жоюды бюджет қаржысы есебінен атқарылатын іс-шаралар тізбесіне қосу бойынша шаралар қабылдау туралы Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолданды. Мал иелеріне улы жәндіктер көп тараған жайылымда түйе, жылқы және сиырды жаюдан бас тартуды, ауру белгілері білінген жануарлар туралы жедел түрде ветеринарларға хабарлау, сондай-ақ емдеу шаралары жүргізіліп жатқан жануарларды күтіп-бағу ережелерін қатаң сақтау ескертілді", -деп мәлім етті басқармадан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу