Атырау облысында кәсіпкерлер газ үшін алдын ала төлем жасамайтын болды

1150

Атырау облысында кәсіпкерлер газ үшін алдын ала төлем жасамайтын болды

Атырау облысында кәсіпкерлер газ үшін алдын ала төлем жасамайтын болды 

Атырау облысының Жылыой ауданындағы кәсіпкерлер  енді газ үшін алдын ала төлем жасамайды. Бұған дейін кәсіпкерлер газ үшін толық төлем төлеп келген болатын.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасы мен "Жылыойгаз" ЖШС арасында жасалған меморандум бизнес иелеріне бірқатар жеңілдік беріп отыр.

"Газ үшін жүз пайыз төлемақыны алдын ала жасау ауыл кәсіпкерлерінің проблемасына айналған еді, - дейді облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек Жәкиев. – Алдын ала төлем – қосымша қаржылай шығын болғандықтан, бизнестің дамуына кедергі келтіреді. Бұдан былай кәсіпкерлер мұндай мәселемен бетпе-бет келмейді.

Айта кетейік, бұған дейін облыстық Кәсіпкерлер палатасы "АтырауЭнергоСату" мекемесімен де осындай келісімге қол қойды.  Нәтижесінде, жергілікті шағын бизнес нысандары электр  қуатына алдын ала төлем жасамайтын болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу