Атырау облысында кәсіпкерлікті дамытуға 9 млрд теңгеге жуық бөлінді

66

 Бұл – облыстың жалпы өңірлік өнімінің 21%-ы. 

Атырау облысында кәсіпкерлікті дамытуға 9 млрд теңгеге жуық бөлінді Фото: ortcom_kz

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында шағын және орта бизнес өндірген өнім көлемі 2,4 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі уақытта жалпы құны 36 млрд теңгелік 254 кәсіпкерлік жобаға қолдау көрсетілді, 1725 жаңа жұмыс орны ашылды. Қолдау құралдарының қатарында несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, кепілсіз несиеге ішінара кепілдендіру, қайтарымсыз мемлекеттік гранттар, сондай-ақ "Өрлеу" бағыты арқылы жаңа бизнес бастамаларды қолдау бар", – деді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Инвестициялық жобаларды іске асыру, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданған кешенді шаралар экономиканың түрлі саласында 26 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Өз кәсібін бастауға ниетті тұрғындарды қолдау мақсатында 300 азаматқа қайтарымсыз грант берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу