Қаланы күйік иісі басып, әлеуметтік желіде тұрғындар талқыға салған еді, деп жазады inbusiness.kz Хабар-24-ке сілтеме жасап.
Өрт ошақтарын анықтау мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары "Қазавиақұтқару" АҚ-ның МИ-874 тікұшағымен әуеден барлау жүргізді.
3 ошақ Жылыой ауданы бағытында 70 шақырым жерде, 1 ошақ Исатай ауданы бағытында 200 га астам алаңды шарпыған. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу