Атырау облысында қауіпсіздік күшейтілуде

727

Теңіз кеніші тағы да күн тәртібіне шықты.

Атырау облысында қауіпсіздік күшейтілуде

Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған он адам анықталды. Қауіпті дертке шалдыққандардың біреуі Атырау қаласынан. Ал тоғыз науқас – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Сонымен қатар облыста коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 32 адам жазылып шыққан. Қазіргі уақытта 133 науқас үй жағдайында ем қабылдауда.

"Облыс бойынша инфекциялық стационарда 54 адам емделіп жатыр. Оның 28-і  №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, 26 науқас Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында ем қабылдауда",– деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасынан. 

Қазіргі күні аймақта COVID-19-ға байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп отыр. Ол өңірге алыс және жақын шетелден қатынайтын жолаушыларға да қатысты. Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, Атырауға 10-19 қазан аралығында шетелден 5 әуе рейсі ұшып келген. Халықаралық әуе рейсімен  барлығы 523 адам келіпті. Олардың 64-інде COVID-19-ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан карантиндік стационарларға жатқызылған. Жолаушылардан коронавирус жұқпасына алынған сынама нәтижесі түгелдей теріс болып, үйлеріне жіберілді.  

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу