Атырау облысында қауіпті делінген 14 мұнайгаз ұңғымасы жабылады

867

Атырау облысында қауіпті делінген 14 мұнайгаз ұңғымасы жабылады

Атырау облысында 90 апаттық мұнайгаз ұңғымасы бар. Олардың бірқатары аймақ экологиясына қауіп төндіреді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат ХАА.

"Анықталған 90 ұңғыманың 14-і өте қауіпті, сондықтан жабылуға тиіс. Оның 5-еуінің иесі жоқ, жер қойнауын пайдаланушылардың қарауына өтпеген. Біз кезең-кезеңмен жабуды бастауға ақша бөлу жөнінде энергетика министрлігіне өтініш жасадық.

2017 жылы мұнай төгіліп, 5 гектардай топырақ бетіне мазут жайылған ұңғымалардың бірін шұғыл түрде жапқан болатынбыз.  Қауіпті ұңғыманы жабуға, мұнайды жинау және ластанған аумақты қалпына келтіруге облыстық бюджет  60 миллион теңге бөлді", – деп мәлім етті  облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының  басшысы Қадыржан Арыстан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу