Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, іздеу жұмысы тек азаматтар табылған кезде ғана тоқтайды. Сондықтан іздестіру жұмысы әлі жалғасып жатыр.
Қазіргі уақытта бұл жұмысқа ТЖД қызметкерлері араласып жатқан жоқ. Яғни, бұл құрылым тарапынан іздеу тоқтаған. Осыған дейін құтқарушылар жергілікті Полиция департаментінің ресми сұранысы негізінде жұмыс істеген.
"Полиция белгілеген барлық аумақ толық тексерілді. Іздестіру жұмыстарын жалғастыруға қатысты Полиция департаментінен қосымша бағдарлау немесе жаңа сұраныстар түскен жоқ", – деді ТЖД өкілдері.
Полиция департаменті техникалық қажеттілік туындаған жағдайда іздестіру жұмысына өзге құрылымдар жұмылдырылып жатқанын хабарлады.