Атырау облысында қой жаппай қырылып жатыр. Екі айдың ішінде өлген мал саны 2100-ге жеткен, деп хабарлайды Atameken Business.
Белгісіз індет Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылындағы асылтұқымды қойды жайпаған. Салдарынан еділбайды өсурімен айналысатын шаруа қожалығы шығынға батты. Бүкіл малға екпе салынғанымен, қойдың қырылуы жалғасуда. Тіпті аудандық ветеринария бөлімі қажет сараптамаларға қан алып, тексеруге елордалық зертханаға жолдаған. Бірақ 2 айдан кейін, ешқандай дерт жоқ деген жауап келген. Бұл ақпаратты ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер растады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу