Атырау облысында көктемгі су тасқынына дайындық қалай жүріп жатыр

247

Осы кезге Құрсай каналының 32, ал, Жем өзенінің 2 шақырымын тереңдету жұмысы жүргізілген.

Атырау облысында көктемгі су тасқынына дайындық қалай жүріп жатыр Фото: Атырау облысының жедел штабы

Атырау облысында көктемгі су тасқынының алдын алу үшін дайындық басталды. Қазір инженерлік жұмыс жоспары бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау облыстық жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының бөлім басшысы Бектұрған Масатовтың мәліметіне сүйенсек, болуы ықтимал табиғи апаттың алдын алу жұмыстарына 244 техника мен 3 тікұшақ жұмылдырылады.

"Биыл табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде 10 көлік-инфрақұрылым нысаны бұзылды. Қазір кезде сол нысандарды қалпына келтіру жүріп жатыр. Көктемде облыс аумағында 590,6 шақырым бөгет тұрғызылды. Енді бұл бөгетті облыстың теңгеріміне алынады", – деп хабарлады Бектұрған Масатов.

Оның айтуынша, алдағы көктемде болуы ықтимал су тасқынына дайындық басталған. Осы кезге дейін 48,5 тонна жанар-жағар май, 235 тонна инертті материал әзірленген.

Сондай-ақ, 161 мыңнан астам қапшық, 69 дана шатыр мен 5 мыңнан астам төсек-орын жабдығы дайын тұр.

"Көктемге дейін бөгеттің сапасы тексеріледі. Бөгеттің осал тұстары анықталса, нығайту жоспарланып отыр. Мұның бәрі су тасқынына дайындық бойынша бекітілген инженерлік жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Жоспарға сәйкес Жем өзенінің ағынын реттеу, табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою және авариялық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмыс жобасы жасалды. Онда Жылыой ауданындағы Жем өзені мен Құрсай каналының арнасын, Қамыскөл көлін тазарту қарастырылды. Жем өзенінің және Құлсары қаласының аумағымен өтетін Құрсай каналының жағалауында қорғаныс бөгеті орнату жұмыстары атқарылады", – деп мәлім етті Бектұрған Масатов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу